• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
830 Категория: Образование - Жарияланды 14/10 - 14:15

НҰРСҰЛТАН, 14 - қазан. - Eurasia Today. Қазақстан 2022 жылы ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесіне төрағалық етеді. ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сондай-ақ елімізде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді.

Мұндай шешім биыл Арменияда өткен ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірауыздан қабылданды. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Беларусь, Тәжікстаннан кеңес мүшелері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері мен басқа да шақырылған тұлғалар қатысты. Қазақстанның атынан ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова барды.

Талқылау барысында кеңеске қатысушы елдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта білім беру жүйесіндегі жұмысын атап өтті. Мәселен, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, академиялық адалдықты қамтамасыз ету шеңберінде қабылданған заңнамалық нормалар, педагогтердің жалақысын жоғарылату, білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс, сондай-ақ білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану үшін заңнамалық нормаларды жетілдіру. Қазақстанда өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезінің тақырыбы пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру процесінің жаңа болмысы мен трансформациясына арналады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети