• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
394 Категория: Образование - Жарияланды 23/01 - 15:18

АСТАНА, 23 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Ресей Қырғызстанда тоғыз мектеп салып, директорларды өзі тағайындайды. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Осы мәліметке сәйкес, Ресей Қырғызстанда тоғыз мектеп салады. Қырғыз тарапымен келісімге келгеннен кейін салған мектептеріне Ресей азаматтары арасынан директорлар тағайындайды. Бұл туралы Парламенттің әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі отырысында Білім министрі Ұланбек Мәмбетакунов мәлім етті.
Ресей Қырғызстанда тоғыз жаңа мектеп салуды жоспарлап отырғанын депутат Дастан Бекешев те Telegram-арнасында хабарлады.
Оның айтуынша, әр облыста және Бішкек пен Ош қалаларында тоғыз мектеп салынады. Бірінші кезеңде Баткен облысы, Қаракөл және Бішкек қалаларында үш мектеп салынады.

"Мектептер екі елдің білім стандарты бойынша оқытылады. Мектеп директорын Ресей тарапы тағайындайды, бірақ мектептер заңды түрде бізге тиесілі болады. Ғимараттар 1200 оқушыға есептелген", - деп жазды депутат.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети