НҰРСҰЛТАН, 14 - тамыз. - Eurasia Today. 1 қазан ресми түрде Радио қызметкерлер күні болып жарияланды. Бұл туралы ақпарат тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook желісіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Берік Уәлидің хабарлауынша, кеше, 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.
«Бұған дейін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын. Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Айта кетсек, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын.
Теңге бағамы
Ауа-райы