НҰРСҰЛТАН, 20 - қазан. - Eurasia Today. Facebook келесі аптада атауын өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат тілшісі Verge порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Корпорация өкілдерінің айтуынша, жаңа атау әлеуметтік желінің метаәлемді құруға бағытталғандығын көрсетуі керек.
Facebook басшысы Марк Цукерберг метаәлем шығармашылықпен айналысатын қызметкерлерге, қала орталығынан алыс жерлерде өмір сүргісі келетіндерге, сондай-ақ білім алу қолжетімділігі шектеулі жерлерде тұратындар үшін мүмкіндік береді деп санайды.
Қазіргі таңда жаңа атаудың қандай болатыны жөнінде басшылықтың басым бөлігі білмейді, тек оның Horizon-мен байланысы болуы мүмкін деген болжамдар ғана айтылуда.
Айта кетсек, Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы құрған болатын. Компанияға Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp және Messenger қосымшалары тиесілі.
Теңге бағамы
Ауа-райы