НҰР-СҰЛТАН, 16 - мамыр. - Eurasia Todaу. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Республикасына іс-сапары барысында Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Асқар Омаров Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі-Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесуі барысында «Balapan», «Kazakh tv» және «Хабар 24» телеарналарын Әзірбайжан аумағында көрсету ұсынылды. Сонымен қатар министр әзірбайжандық мамандарды Орталық Азиядағы ең ірі медиашара-Astana Media Week апталығына шақырды.
Өз кезегінде, Әзірбайжан тарапы Қазақстанның БАҚ саласындағы, оның ішінде анимация өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, шараға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Теңге бағамы
Ауа-райы