• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1390 Категория: Религия - Жарияланды 28/07 - 10:56

НҰРСҰЛТАН, 28 - шілде. - Eurasia Today. Сауд Арабиясы Корольдігі шетел азаматтары үшін кіші қажылық — умра қызметін 2021 жылдың 10 тамызынан бастап қалпына келтіретіні туралы жариялады.

Үлкен мешіт істері жөніндегі орынбасар Саад бен Мұхаммед әл-Мұхаймид Үлкен мешіт кіші қажылық мақсатында келген зияратшылар мен құлшылық жасаушыларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Кіші қажылыққа келетін шетел азаматтары коронавирусқа қарсы Pfizer, Moderna, AstraZeneca немесе J&J вакциналарының толық дозаларын алған болуы керек.

Сауд Арабиясының азаматтары мен тұрғындарына арналған кіші қажылық рәсімдері 25 шілдеден басталды.

Умра — мұсылмандар жылдың кез келген уақытында орындай алатын ерікті қажылық. Зияраттың бұл түрі коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың ақпан айында тоқтатылған болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
465.29
0.00
EUR
484.97
0.00
RUB
7.56
0.00
TJS
45.57
+0.02
TMT
132.94
+0.01
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+13°C Теһран
-6°C Мәскеу
-21°C Астана
-4°C Бішкек
-6°C Алматы
+13°C Душанбе
+11°C Ашхабад
+10°C Ташкент

Соцсети