АСТАНА, 02 - наурыз. - Eurasia Todaу. Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі «Hala Kazakhstan» туристік компаниясымен бірлесіп, Бағдад қаласында Қазақстан павильонын ашты.
Қазақстан стенді және дәстүрлі қазақ киіз үйі Ирактың жыл сайынғы «Iraqi Tourism-2023» халықаралық туристік форумының сәніне айналды.
Павильонға Ирактың Мәдениет, туризм және көне заттар министрі Ахмед Факак әл-Бадрани арнайы келді.
Форум аясында Ирактың туристік компанияларымен екіжақты кездесулер өтті, сондай-ақ Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Сонымен қатар Сауда палатаның президенті Фарис әл-Хамдади және Ирак темір жолдарының Бас директоры Юнис Халед Джавадимен кездесулер өткізілді. Келіссөздер барысында Қазақстан-Ирак сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған нақты қадамдар талқыланды.
Теңге бағамы
Ауа-райы