АСТАНА, 26 - мамыр. - Eurasia Todaу. Үндістанның IndiGo әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели - Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына үш рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады ақпарат тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, IndiGo әуе акомпаниясы - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы.
Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Айта кетері, IndiGo – Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы. 2006 жылғы тамызда құрылған. Компания паркінің сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық.
Теңге бағамы
Ауа-райы