• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2308 Категория: Туризм - Жарияланды 24/11 - 09:31

НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today. Дубайда өтіп жатқан «Шымкент қаласының күндері» аясында Шымкент қаласының әкімдігі мен Дубайдың бірқатар компаниясымен туризмді дамытуға арналған екіжақты меморандум түзілді.

Ақпарат торабы тілшісінің Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Шымкент қаласының әкімдігі мен Дубайдағы «Nirvana Travel and Tourism LLC», «New magic LifeStyle», «Unique Group Hotel’s and travel», және «Seaside Investment Dubai» компанияларымен екіжақты меморандум жасалды.
Осы мәліметке сәйкес, меморандум аясында бірлескен роуд-шоулар ұйымдастыру, имидждік өнімдерімен алмасу, көрмелерге, форумдарға, конференцияларға бірлесіп қатысу, бірге айқындайтын ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын қолдау және ұйымдастыру сынды келісімдерге келді.

Іс-шараға Шымкент қаласынан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев, Қазақстанның БАӘ-дағы елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов пен бірқатар депутаттар, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы барды.

Шымкент қаласының күндері қарашаның 22 күні басталып, 25 дейін жалғасады. 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек.

«EXPO Dubai 2020» Халықаралық көрмесі сәуір айына дейін жалғасады. Мұнда 200-ге жуық елдің павильоны қойылған. Соның ішінде, Қазақстан павильонына күніне 3 мыңға жуық адам келіп, тамашалауда.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети