2677 Категория: Туризм - Жарияланды 29/12 - 11:28

НҰР-СҰЛТАН, 29 - желтоқсан. - Eurasia Today. Прагада Жаңа жыл туристер үшін жағымсыз тосын сыймен басталады.

Чехия жеріне аяқ басқан келушілер төлеуге міндетті қонақ салығы екі есеге артады. Турист қонақүйде, хостелде немесе басқа қонақүй типтес мекемеде өткізген әр түні үшін 50 крон немесе мың теңгеге жуық төлеуі керек. Бір стақан сыраның құны Чехия астанасының қонақтарын шошыта алмайды – осы сөздермен қонақ құнының көтерілуіне әкімдіктегілер түсініктеме берді.

Дегенмен, туристік агенттіктер мен қонақүйлердің иелері келушілердің көпшілігі жалғыз емес, және кем дегенде 10 күнді Прагада өткізетінін еске салды.

Демек, қонақ билет пен қонақүй ақысының үстіне қомақты соманы төлеуі керек. Кейбір қонақ үйлер ымыраға келді. Oлар туристік салықты тұру ақысына қосты. Осылайша, қонақтар бастапқыда қымбаттаған қызметтер туралы біле алады. Жақында басқа бизнесмендер Прага әкімдігіне туристерге барлар мен мұражайларға бару үшін бонустық бағдарлама немесе жеңілдіктер науқанын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінді. Бұл келушілердің шығыстары мен кірістерін теңестіреді. Прагада туристік салықты жою бірнеше жылдан бері қарастырылып келеді.

Туристер үшін қосымша ыңғайсыздықпен қатар, алаяқтар мен кейбір қонақүй иелері үшін бұл алым алыпсатарлық жайтқа айналды. Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі - балалар үшін төлемді талап ету (кәмелетке толмағандар заң бойынша салықтан босатылған) немесе құнын 20 және 50 долларға дейін ұлғайту.

Теги: