НҰР-СҰЛТАН, 7 - сәуір. - Eurasia Todaу. Сингапур мен Жапония азаматтары әлемнің 192 еліне визасыз бара алады. Олардың төлқұжаттары дүниежүзіндегі ең ықпалды деп аталды.
Henley Passport Index сарапшылары Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мәліметтеріне сүйене отырып саяхаттарға арналған ең жақсы азаматтықтардың жаңартылған рейтингін жасады.
Сарапшылар рейтингіндегі ондықта Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Италия, Люксембург, Испания, Австрия азаматтарының төлқұжаты кіреді. Сонымен қатар, АҚШ, Бельгия, Жаңа Зеландия, Норвегия және Швейцария елдері де бар. Бұл елдердің төлқұжатымен 186 елге баруға болады.
Рейтингтегі соңғы орынды Ауғанстан азаматтарының төлқұжаты алады. Осы елдің төлқұжатына ие азаматтар әлемнің 26 еліне визасыз бара алады.
Теңге бағамы
Ауа-райы