АСТАНА, 13 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Мысырдың басты курорты-Хургада қаласында Таяу Шығыстағы ең ірі аквапарк алғашқы келушілерін қабылдады.
Never Land City аквапаркінің аумағында қонақүй нөмірлері, сондай-ақ мейрамханалар мен туристерге қажетті көңіл көтеру орталықтары қарастырылған. Жергілікті шенеуніктер жаңа кешен Мысырға туристерді тартады деп үміттенеді.
Аквапарк құрамында «Еуропадағы ең үздік су ойындары» номинациясын тоғыз жыл бойы алып келген «Корольдік кобра» әткеншегі және көптеген балаларға арналған су әткеншектері кіреді. Сонымен қатар, аквапаркте «туристік қала», үлкен театр және түрлі дүкендер мен мейрамханалар бар.
Шенеуніктер осы аквапарк арқылы Хургаданы жаһандық туристік бағыт ретінде танымал етуді жоспарлап отыр.
Теңге бағамы
Ауа-райы