АСТАНА, 25 - наурыз. - Eurasia Todaу. Иран мен Ресейдің футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық кездесуі тең аяқталды.
23 наурыз күні Иран мен Ресейдің ұлттық футбол құрамалары Теһран қаласындағы «Азади» стадионында жолдастық кездесу өткізді.
Ресей құрамасы Иран командасымен жолдастық кездесуді 1:1 есебімен аяқтап, тең түсті.
Ресейлік жартылай қорғаушы Антон Миранчук 28-минутта пенальти арқылы есеп ашты. Ал ирандық шабуылшы Мехди Тареми 47-минутта пенальтимен есепті теңестірді.
Ресей мен Иран құрамалары үшінші рет кездесіп отыр. Бірінші жолдастық кездесу 2011 жылы 9 ақпанда Абу-Дабиде өтті. Бұл жолдастық кездесуде ирандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Екінші кездесу 2017 жылдың 10 қазанында Қазан қаласында өтті. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Теңге бағамы
Ауа-райы