• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
19 Категория: Спорт - Жарияланды 04/05 - 09:11

НҰРСҰЛТАН, 4-мамыр. - Eurasia Today. Бүгін, 4 мамырда UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы «Манчестер Сити» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгінгі ойында ағылшындық клуб сапында жарақат алған ойыншылар жоқ. Ал француздық команда Хуан Бернат, Килиан Мбаппе және Александр Летелье кездесуді алаң сыртынан тамашалауға мәжбүр.

Аталған кездесуде нидерландиялық Бьорн Куйперс бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Сандер ван Рукел мен Эрвин Зейнстра көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші -грекиялық Анастасиос Сидиропулос.

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде ағылшындық клуб жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде «Манчестер Сити» аталған қарсыласынан сырт алаңда 2:1 есебімен басым түсті.

Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір кездесуде «Челси» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасады. Бұл ойын 5 мамырда болады.

UEFA Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында Олимпиадалық стадионда болады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети