• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
3052 Категория: Спорт - Жарияланды 11/10 - 13:10

НҰРСҰЛТАН, 11 - қазан. - Eurasia Today. Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығында «БарысАренада» мәнерлеп сырғанаудан екінші Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі өтеді.

Турнирді Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады. 

Биыл жарысқа 20 мемлекеттен келген 100 спортшы қатысады деп күтілуде. Турнирде ересектер мен жасөспірімдер тобына бөлінген мәнерлеп сырғанаушылар жекелей және жұптық сында өнер көрсетеді.

Denis Ten Memorial Challenge мәнерлеп сырғанаудан биыл «Челленджер» (ISU ChallengerSeries) санатында өтетін 7-ші жарыс. «Челленджер» сериясындағы жарыста 1-5-ші орын алған мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық рейтингте Гран-При, әлем және құрлық чемпионатына қатысқан спортшылардан кейін ең көп ұпайға ие болады. 

Айта кетсек, «Челленджер» сериясына кіретін Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі алғаш рет 2019 жылы 10-13 қазан аралығында Алматы қаласында өткен болатын. Ол туринрге 18 елдің мәнерлеп сырғанаушысы қатысқан еді.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети