• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2756 Категория: Спорт - Жарияланды 14/05 - 09:35

НҰР-СҰЛТАН, 14 - мамыр. - Eurasia Todaу. Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Гүлсая Ержан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, бүгін Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) алғашқы болып ширек финалға жолдама алды. Оған қоса қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети