• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
545 Категория: Спорт - Жарияланды 20/01 - 09:04

АСТАНА, 20 - қаңтар. - Eurasia Todaу. 2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалдағы Канадамен кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр.

Канада мен Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 20:35-те басталады.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орын дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасына бұйырды.

Ал канадалық хоккейшілер А тобында бірде-бір ойында жеңілмей, бірінші орын алды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети