Видео
27/01 - 12:10 Title:
Мирзиеев Қырғызстанға келді
Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келген президент Шавкат Мирзиёев пен оның жұбайын Бішкекте Садыр Жапаров пен жұбайы жылы қарсы алды.
22/09 - 18:30 Title:
Ресейліктер мобилизациядан қашуда
Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін орыстар Қазақстанға жаппай ағылып, салдарынан Қазақстан шекарасында үлкен кезек пайда болды.
09/09 - 11:10 Title:
Ауған әйел Австралия парламентінде Сағдидің өлеңін оқыды
Тегі ауған әйел алғаш рет Австралия парламентінде өкіл болды. Австралия Сенатының Ауғанстаннан шыққан өкілі Фатима Пейман осы елдің парламентіндегі алғашқы сөзінде ағылшын және парсы тілдерінде Сағдидің "Адам баласы бір дененің мүшесі" деген атақты өлеңін оқыды.
25/08 - 19:20 Title:
Қазақстан Президентінің Әзербайжан Республикасына ресми сапары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамызда ресми сапармен Әзербайжанға келді.
Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.
Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізді. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылды.
22/08 - 18:29 Title:
Қазақстан Президенті Сочиге келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына келді.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
25/07 - 12:54 Title:
Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясына ресми сапары
23 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен келді.
Қазақстан Президентін әуежайда Корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.
23-24 шілдеде Сауд Арабиясы Королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізді.
22/07 - 05:54 Title:
Қазақстан Президентін қарсы алу сәті
21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының төртінші консультативтік кездесуі басталды.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «№2 Мемлекеттік резиденцияның» Конгресс-холлына кірер алдында Орталық Азия елдері көшбасшыларының әрқайсысын – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Президентін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовты, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевті қарсы алды.
20/06 - 13:36 Title:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына ресми сапары туралы бейнебаян
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.
Теһран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды.
26/05 - 19:30 Title:
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың келіссөзінен бейнекөрініс
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
17/05 - 10:58 Title:
Мемлекет басшысының Мәскеу сапары
Қазақстан Президентінің Мәскеуде өткен ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті жұмысына қатысуы бойынша қорытынды бейнеролик.
06/05 - 02:35 Title:
Мемлекет басшысының Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте сөйлеген сөзінен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді.
30/04 - 16:15 Title:
Бішкекте Қазақ-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті
Жұма, 29 сәуірде Бішкекте Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті.
Шағын және кеңейтілген құрамдағы Үкіметаралық келіссөздерде тараптар сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында тараптар Үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ «GFC Bishkek» ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойды.
24/03 - 20:28 Title:
Президент халықтың ортасында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамында Алматыға келген сапарында халықпен етене жақын араласты.
17/03 - 03:19 Title:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
02/03 - 15:10 Title:
Байден Украина халқының орнына Иран халқы деп шатасты
АҚШ президенті Джо Байден Конгрессте сөйлеген сөзінде: «Путин танктерімен Киевті қоршап алу мүмкін, бірақ Иран халқының жүрегіне ешқашан жол таба алмайды»,- деп шатасты.
25/02 - 17:40 Title:
Харьков тұрғындары түнді метрода өткізді
20/02 - 17:54 Title:
Сеулдегі Теһран көшесінде Иран туын көтеру сәті
Кеше, 2022 жылғы 19 ақпан күні Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдегі Теһран көшесінде Иранның туы тұрақты түрде көтерілді.
19/02 - 00:57 Title:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты
Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.
29/01 - 11:39 Title:
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі
"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
11/01 - 18:06 Title:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжілістің жалпы отырысы (толық нұсқа)
30/12 - 10:11 Title:
Мемлекет басшысының Санкт-Петербургке жұмыс сапары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
12/12 - 17:37 Title:
Түркия парламентінде депутаттар төбелесті
Түркия парламентінде биліктегі Әділет және даму партиясы мен негізгі оппозициялық Республикалық халық партиясы депутаттары арасында төбелес болды.
Ақпарат торабы тілшісінің РИА Новости агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауына
сәйкес, оқиға РХП депутаты Еркан Айдын парламент отырысына қатысқан Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудан ақшаны жылыстатты деген айыппен елден қашып кеткен, қазір Австрияда қамауға алынған атақты түрік кәсіпкері Сезгин Баран Коркмаздың ұшағын не үшін пайдаланғанын сұрағаннан кейін болған.
Сойлу оппозиционер депутатты өтірік айтты деп айыптаған соң екі партияның депутаттары арасында айғай басталып, соңы төбелеске ұласты. Парламент отырысы тоқтатылды.
10/12 - 17:43 Title:
Өзбек аспаздары әзірлеген 1000 келілік мерекелік палау
Өзбекстан күні қарсаңында Дубайдағы ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінде өзбек аспаздары салмағы 1000 келі мерекелік палау әзірледі.
8 желтоқсанда БАӘ-нің Дубай қаласында Expo-2020 Бүкіләлемдік көрмесінде Өзбекстан күні кең көлемде аталып өтті. Палаудың хош иісі, кернейлер мен сырнайлардың үні Өзбекстан тарихы мен мәдениетіне арналған мерекелік шараға келушілерді қызықтырды. Аты аңызға айналған өзбек палауынан дәм тату үшін халықтың ұзын-сонар кезегі өзбек аспаздарының шеберлігі мен ұлттық тағамның даңқы үшін берілген ең жоғары баға болды.
8 желтоқсан — Өзбекстанда Конституция күні.
07/12 - 04:57 Title:
ДДҰ басшысы қазақша сөйледі
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус үстіне қазақы шапан киіп, белгілі ақын, публицист Жүрсін Ерманды туған күнімен қазақ тілінде құттықтады. Видео Twitter, Instagram, facebook сияқты әртүрлі әлеуметтік желілерде жарияланды.
Айта кетейік, Жүрсін Ерман мен ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесустің құдандалы адамдар екені белгілі болды. ДДҰ басшысының ұлы Жүрсін Ерманның немере жиеніне үйленген.
Жүрсін Ерман 70 жасқа толды.
15/11 - 16:11 Title:
Мемлекет басшысының Түркияға жұмыс сапары
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Түркияның Стамбұл қаласына барды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Стамбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Түркияның Стамбұл қаласында «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар және ақылды қалалар» ұранымен өткен Түркі кеңесі басшыларының VIII саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
12 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің саммиті аясында Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
25/10 - 13:31 Title:
Мемлекет басшысын Түркіменстанда қарсы алу рәсімі
25/10 - 11:06 Title:
Іздеу 2021 оқу-жаттығуы
Қазақстанның барлау бөлімшелері Тәжікстанда өтіп жатқан #Іздеу2021 оқу-жаттығу барысында елді мекенді азат ету бойынша арнайы операцияға қатысты.
12/10 - 12:24 Title:
ҚР Премьер-министрінің БАЭ сапары
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, инвестициялық ынтымақтастық бойынша бірқатар келіссөз жүргізіп, «EXPO 2020 Dubai» көрмесіне барды. Маминнің БАӘ-ге жұмыс сапары туралы қысқаша бейнероликті көріңіздер
20/09 - 17:46 Title:
Тәжікстан президентінің бейресми банкеті
Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі Тәжікстан Республикасы Үкіметінің резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне, сондай-ақ, осы оқиғалардың құрметті қонақтарының достық кешіне айналған бейресми банкет ұйымдастырғанын хабарлады.
Хабарламада: «Көрмеге Тәжікстанның жаңа піскен жемістерінің ондаған түрі, әр түрлі қауын түрлері, дәмі мен сапасы бойынша бірегей жемістер, жүзім, дәнді жемістер, жоғары сапалы кептірілген жемістер, жаңғақтар мен бадам, мейіз, пісте мен цитрус қойылды. Жоғары мәртебелі қонақтар көрмеге қойылған өнімдер мен ұлттық тағамдардың әр түріне қызығушылық танытты, сонымен қатар олардың дәмін татып, сапасын жоғары бағалады», - деп айтылған.
Қыркүйектің 16 күні Душанбеде жұмыс сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Лукашенко, Шавкат Мирзиёев, Никол Пашинян, Имран Хан, Садыр Жапаров және тағы басқа қонақтар Эмомали Рахмонмен бірге Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.
17/09 - 18:08 Title:
Мемлекет басшысының Тәжікстанға жұмыс сапары
27/08 - 21:56 Title:
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды
Қазақстанның Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қайнар ауылындағы Тараз қаласы маңындағы әскери бөлімде, жергілікті уақыт бойынша 19:10 шамасында инженерлік оқ -дәрілер сақталатын қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, салдарынан бірнеше жарылыс болды.
Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуациялануда.
18/08 - 12:08 Title:
Сеулде Абай Құнанбайұлының бюсті қойылды
17/08 - 13:16 Title:
Кабул әуежайындағы апат
Кеше, 16 тамызда Кабул әуежайында апатты оқиға болды. Елден кеткісі келген мыңдаған ауғандық Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдың ұшу алаңына топ-топ болып жиналды. Алайда Ауғанстаннан Американы бетке алған ұшаққа мінетін адамдардың саны шектеулі болғанына қарамастан, 640 адамның енгені белгілі болды. Ұшаққа міне алмағандықтан, шассиге жабысқан адамдардың екеуі әуеге көтерілген кезде жерге құлап, мерт болды.
Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, Кабул әуежайындағы аласапыран мен бейберекеттікте 7 адам қаза тапқан.
Бұл «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы Ауғанстанды басып алып, бақылауын қолына алғаннан кейінгі жағдай. Президент Ашраф Ғани елден қашып кетті.
16/08 - 11:11 Title:
Ашраф Ғанидің Ауғанстаннан кету сәті
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставканы қабылдап, елден кеткеннен кейін «Талибан» тобы (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулды еш кедергісіз басып алды. Жергілікті ақпарат дереккөздерінің мәліметіне сәйкес, Ғани алдымен Тәжікстанға кейін, расталмаған деректер бойынша, Өзбекстанның астанасы Ташкентке келіп жеткен.
13/08 - 12:23 Title:
Қазақстанның екі тікұшағы Түркияда өрт сөндіруде
Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіру көмектесуде.
16/07 - 11:25 Title:
БАӘ жасанды жаңбыр жаудыру технологиясына ие
БАӘ ғалымдары 50 градус ыстықта жасанды жаңбыр жаудыру технологиясын сынап, табысқа жетті. Соның нәтижесінде шөл даланы су басты.
15/07 - 16:25 Title:
Ташкентте Ауғанстан Президентін қарсы алу рәсімі
Бүгін, 15 шілдеде Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ташкентке ресми сапармен келді. Ол Өзбекстанның астанасында басталған халықаралық конференцияға қатысады.
Сонымен қатар Ашраф Ғанидің Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен екіжақты кездесуі де жоспарланған.
23/06 - 15:38 Title:
80 жылдан кейін.ТМД елдерінің Cыртқы істер министрлері КСРО халқының соғыс қасіреттері мен ерлігі туралы өлеңдер оқыды
14/06 - 21:42 Title:
Қазақстан осындай ел
10/06 - 14:35 Title:
Ресей мен Қытай арасындағы Қазақстан. Президент Тоқаевтың президенттігінің 2 жылдығы
Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады.
Автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ, Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.
07/06 - 17:35 Title:
Президент Тоқаевтың апталық жұмысына бейне шолу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 31 мамыр-6 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу
05/06 - 11:39 Title:
Қырғызстан президентінің кортежі жол апатына ұшырады
4 маусым күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Ыстық көл облысындағы сапары барысында қасында ілесіп келе жатқан кортежі жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам жарақат алып, ҰҚМК 9-шы қызметінің қызметкері қаза тапты.
Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев АКИpress-ке берге сұхбатта Президент Садыр Жапаровтың апаттан зардап шекпегенін, оқиға кезінде ол кісінің басқа көлікте болғанын айтты.
25/05 - 15:59 Title:
Илһам Әлиев Мохаммад Жавад Зарифті қабылдады
Бүгін мамырдың 25 күні Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев Иран Ислам Республикасының СІМ Мохаммад Жавад Зарифті қабылдады.
20/05 - 09:57 Title:
Тоқаевты Душанбедегі салтанатты қарсы алу рәсімі
19 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның астанасы Душанбе әуежайына келіп түсті.
Тәжікстанға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон мен осы елдің жоғары лауазымды тұлғалары, елдің бір топ жастары қолдарына гүл шоқтары және екі елдің жалауларын ұстап, қарсы алды.
14/05 - 13:55 Title:
Бекет Ата мешіті Ораза Айт намаз
12/05 - 10:44 Title:
Шатасқан шенділер
9 мамыр күні Өзбекстандағы «Еске алу және құрмет күніне» арналған іс-шарада Сырдария ауданының әкімі Гофуржон Мирзаев пен басқа лауазым иелері Өзбекстан әнұранына қалай құрмет көрсетуді білмей, шатасты. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Гимнін көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар гимнді тұрып тыңдап, оң қолды кеуделерінің сол жағына қояды, ал әскери немесе басқа мемлекеттік қызметтегі формадағы адамдар қолдарын бас киімге қояды.
26/04 - 13:12 Title:
Қазақстанның көрікті табиғи мекендері
Біздің отанымыз Қазақстан әсем мекендерге бай ел. Төмендегі видеодан еліміздің тамаша табиғатының бірегей үлгілерін тамашалай аласыздар.
09/04 - 15:51 Title:
Қазақстан мен Иран Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою сәті
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Иран Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына екі елдің Сыртқы істер министрлері қол қойды. Бұл туралы ILNA ақпарат агенттігі хабарлады.
06/04 - 10:35 Title:
Қазақстандағы «Аризона»
Қазақстанда Американың Аризона шөліне ұқсас мекен бар. Ол Маңғыстау облысында орналасқан.
5 миллион жыл бұрын онда ежелгі Тетис мұхиты болған.
03/04 - 11:02 Title:
Суэц каналынан өтетін кемелер тізбегі
Жапонияның алып кемесінің орнынан қозғалуының нәтижесінде Суэц каналының ашылғаны туралы хабардың жариялануымен осы халықаралық маңызды су жолынан өтуді мақсат еткен кемелердің ұзын-сонар тізбегі қалыптасты.
15/03 - 15:12 Title:
Сионистік режимнің әскерилері палестиналық бес баланы тұтқындады
Сионистік режимнің әскерилері басып алынған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы бақылау бекеті жанында "алатікен" деген жабайы өсімдік жинап жүрген кезде сионистік қалашықтардың қоныстанушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған палестиналық бірнеше баланы бес сағат ұстады. Бұл туралы Fars News хабарлады.
Кеше бейсенбі күні жарияланған видеодан Израиль сарбаздарының Хеврон тауының оңтүстігінде балаларды сүйреп апарып жатқанын көруге болады.
Ақпарат дереккөздеріне сәйкес, Израиль әскерилері тұтқындаған баланың ең кішкентайының жасы сегізде, ең үлкені он үште. Бұл балалар 5 сағатқа қамауға алынды.
12/03 - 10:44 Title:
Конгода алтын тау табылды
Жуырда Конгода болған қатты селден кейін адамдар алтын іздеп, тауға жүгірді. Сол таудың тастарын бірінші рет жуғаннан кейін де 60-90 пайыз алтын береді деседі.
Конго — әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Халқының көбі тіпті ешқашан дәрі-дәрмек, құбырдан ағатын су немесе электр қуатына қол жеткізген емес.
06/03 - 15:13 Title:
Иранның оңтүстігіндегі әсем жағалау
Иранның оңтүстігіндегі Максар жағалауы әсемдігімен кез келген саяхатшыны таңдандырады. Максар жағалауы
Хормозгон облысындағы Мағам айлағынан он шақырымдай жерде орналасқан. Ол жердің тыныштығы мен салтанаты
табиғи әсем көріністерімен кез келген саяхатшының таңданысын тудырады.
Әртүрлі құрылымы мен көріністерге ие жағалаудың құздары жылдар бойғы теңіз толқындары мен жаңбыр және дауылдың нәтижесіндегі эрозиядан осындай тартымды, көркем қалыпқа енген.
27/02 - 11:52 Title:
Ирандағы Гананың жаңа елшісінің Руханимен кездесудегі таңқаларлық киімі
Теһрандағы Гананың жаңа елшісінің Иран Президенті Хасан Руханимен кездесудегі ұлттық дәстүрлі киімі ақпарат құралдарының сюжетіне айналды.
26/02 - 14:13 Title:
Әлемдегі ең бай саясаткерлер
Бұл видеодан Владимир Путиннен бастап, араб шаһзадаларына дейінгі әлемдегі ең бай саясаткерлермен таныса аласыздар.
Тізімнің басында байлығы 70 миллиард долларға бағаланған Ресей президенті Владимир Путин, одан кейінгі орында Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг 58 миллиард доллар байлығымен тұр.
Блумбергтен кейін үшінші орында Таиланд ханзадасы мен БАӘ ханзадасы шейх Мансур Бен Заид Ал Нахаян 30 миллиард доллармен үшінші орында тұр.
Келесі орындарда Саудияның саясаткер ханзадаларының бірі Валид бен Талал әл-Сауд, Брунейдің сұлтаны, Абу-Даби билеушісі шейх Халифа Бен Заид әл-Нахаян, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед Бен Рашид әл-Мактум және Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман орналасқан.
16/02 - 11:19 Title:
Иран мен Ауғанстан шекарасындағы Ислам Қала кеденінің жарылыс пен өрттен кейінгі жағдайы
Ауғанстан мен Иран шекара кеденінде екі күн бұрын қатты жарылыс салдарынан орасан өрт апаты болды.
12/02 - 19:48 Title:
Ресейде жүргізушісіз алғашқы әуе таксиі өндіріледі
Биыл Ресейде жүргізушісіз алғашқы әуе таксиі өндіріледі деп жоспарланған.
Ұшатын такси 150 метрге дейін көтеріліп, 300 кг жүкті көтере алады.
Таксидің максималды жылдамдығы - 200 км / сағ. Аккумуляторы толық зарядталған күйде 100 км қашықтыққа шыдайды.
06/02 - 18:41 Title:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухань ауруханасына барды
Қытайға коронавирустың шығу тегін анықтауға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары сапардың екінші күні Уханьдағы осы вирусқа алғаш шалдыққан науқастар жатқан ауруханаға барды.
Бұл туралы YJC.IR ақпарат торабы хабарлады.
Коронавирустың шығу тегі туралы зерттейтін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға сапарының екінші күні коронавирустың алғашқы жағдайлары расталған Ухань ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.
Қытай ақпарат пен тексеруге рұқсат беруден бас тартқандықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері кейінге шегерілген болатын.
Сарапшылар тобы вирус жұқтырғандар алғаш рет сонда анықталды деген Қытайдың Хунань базарына да барады деп жоспарланған.
22/01 - 17:28 Title:
Құран Кәрімнің ең кішкентай нұсқасы
Қасиетті Құранның ең кішкентай нұсқасы Тәжікстан Ұлттық мұражайының шығыс қолжазбалары мен сирек кітаптар бөлімінде сақтаулы. Бұл туралы Kz.eureasiatoday.ru торабы Avesta.tj торабына сілтеме жасап хабарлады.
Кітаптың ұзындығы 1,8 сантиметр, ені 1,2 сантиметр, салмағы 1,6 грамм. Кітап 146 парақтан немесе 292 беттен тұрады.
Қасиетті Құранның бірегей нұсқасы 19 ғасырдың соңында Қазан қаласында басылып шыққан.
15/01 - 17:24 Title:
«Лотун» – Ирандағы ең биік сарқырама
«Лотун» – Иранда төрт маусым бойы ағып тұратын ең биік сарқырама. «Барзау» деген жергілікті атаумен танымал «Лотун» құламасы Астара айлағынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, «Лундвилге» жақын жерде, «Кутаһ Кумен» ауылынан 6 км қашықтықта орналасқан. Негізгі сарқыраманың биіктігі шамамен 105 метр, ал екінші сарқыраманың биіктігі 65 метр. Екеуін қосқанда жалпы биіктігі 170 метрді құрайды. Латун – Ирандағы төрт мезгілде де сарқырап ағып тұратын ең биік құлама. Сарқырама Аспине тауының ортасында, Гиркани ормандарының солтүстігінде орналасқан. Табиғаттың тартымды бұл мекені 2009 жылдың қыркүйегінде Иранның табиғи мұралары тізіміне тіркелген.
08/01 - 13:43 Title:
Каспий теңізінің жағалауына әсем аққулар келіп қонды
Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауына мыңдаған аққу келіп қонды.
Видеодан әсем аққулардың тіршілігін тамашалаңыздар.
31/12 - 15:33 Title:
Иранда бір адам мәйітханада тіріліп кетті
Иранның Насимшаһр қаласының 63 жастағы тұрғыны мәйітханада тіріліп кетті.
YJC.IR торабының хабарлауы бойынша, өліп қалғаны расталған 63 жастағы Насимшаһр тұрғыны мәйітханада тыныс ала бастады.
Төмендегі фильмнен сол адамның мәйітханада тіріле бастаған сәтін, жауапты адамдардың оның өмірін сақтап қалу үшін жасап жатқан талпынысын көре аласыздар.
23/12 - 21:48 Title:
Ашық суда екі алып кеме соқтығысты
YJC.IR торабының хабарлауы бойынша, ашық теңізде екі алып кеме соқтығысты.
Осы мәліметке сәйкес, екі алып жолаушылар кемесі қозғалыс кезінде соқтығысқан. Қуанышқа орай, олардың ешқайсысы батып кеткен жоқ және өлім-жітім болған жоқ.
11/12 - 10:40 Title:
Коронавирусқа қарсы вакцинаны Британия азаматына егу сәті
Британия тоқсан жастағы әйелге коронавирусқа қарсы вакцина егу арқылы вакцинацияны бастады. Бұл туралы YJC.IR торабы хабарлады.
Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина «Маргарет әже» деп танымал 90 жастағы әйелге жасалды. Вакцина Маргарет Кинанның организміне жақсы әсер етті.
09/12 - 09:30 Title:
Ширазда жолаушы ұшағы төтенше жағдайда қонды
Исфаһан-Ассалуйе әуе рейсінің Ширазда төтенше жағдайда қону себебі техникалық ақауға байланысты деп жарияланды. Бұл туралы YJC.IR торабы хабарлады. Varesh Airlines компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Исфаһан-Ассалуйе бағытындағы жолаушы тасымалдайтын әуе рейсінің техникалық ақауға байланысты Шираз халықаралық әуежайына төтенше жағдайда сәтті қонғанын, жолаушылардың барлығы аман екенін айтты.
22/11 - 03:22 Title:
Құшақтасу кезінде коронавирус жұқтыру қатері жоқ шатыр
Құшақтасу – коронавирус пандемиясы кезінде тыйым салынған әрекеттердің бірі.
Бірақ Италияның Реано коммунасында бұл мәселе шатыр шығаратын компанияның бастамасымен шешілді. Екі минуттың ішінде үрленетін шатырда ауру немесе әлсіз адамдарға отбасыларымен кездесіп, оларды құшақтауға мүмкіндік беретін екі бөлек орын бар.
20/11 - 09:15 Title:
Әлемдегі ең әдемі шекара
Бразилия мен Аргентина арасындағы кейбір шекаралас аймақтардың әдемілігі сондай, бұл аймақ әлемдегі ең әдемі шекара ретінде танымал.
14/11 - 14:58 Title:
Әзірбайжан – көрікті жерлерімен танымал ел
Әзірбайжан сансыз көрікті мекендерге ие болуымен «тартымдылықтарға толы ел» деп танымал.
Видеодан осы елдің әдемі жерлерін көре аласыздар.
27/10 - 20:07 Title:
Кейбір ислам елдері Франция тауарларына бойкот жариялады
Азияның батысы мен Африканың солтүстігінде Франция өнімдері супермаркет сөрелерінен шығарылды. Бұл туралы YJC.IR ақпарат сайты хабарлады.
Франция Президенті Эммануэль Макрон ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қасиетті болмысына құрметсіздік білдіруіне байланысты кейбір ислам елдері Францияда өндірілген тауарларға бойкот жариялап, дүкен сөрелерінен осы елдің өнімдерін алып тастады. Кейбір елдер, соның ішінде Түркия Президенті Макронды мұсылмандарға жаман қатынас көрсетумен айыптап, оны пайғамбардың (с.ғ.с.) қасиетті болмысына арналған карикатураларды жақтағаны үшін сынады.
24/10 - 18:26 Title:
Жолындағы тастарды оңай ұсақтайтын бульдозер
Мықты қайласымен алдынан кездесетін тастарды жылдам ұсақтайтын бульдозер бар. Бұл туралы YJC.IR торабы хабарлады. Тастарды ұсақтайтын бульдозер жол салу жұмыстарына қолдану мақсатында шығарылған. Бұл техника мықты қайласымен алдынан кездесетін тастың бәрін ұнтақтап тастайды.
19/10 - 14:46 Title:
Жер планетасы
Халықаралық Ғарыш станциясы Жер планетасынан өте қызық фильм түсірді. Бұл бейнетаспада Жер планетасы сағатына 500 милден астам жылдамдықпен айналады.
03/10 - 13:49 Title:
Әзірбайжан-Армения соғысындағы зеңбіректердің оғы Иран ауылына түсті
Mehr News агенттігі хабарлаған мәліметке сәйкес, Армения мен Әзірбайжан республикасы арасындағы соғыстағы зеңбіректердің оғы Иранның Ардабил облысында орналасқан Асландуз ауылындағы егістік алқаптарына түсіп, қатты өртке себеп болды.
22/09 - 00:56 Title:
Үндістанда үш қабатты ғимарат құлады
Үндістанның Бхиванди қаласында үш қабатты бір ғимарат қирап, кемінде он адам қаза тауып, бірнеше адам үйіндінің астында қалды. Бұл туралы Fars News агенттігі хабарлады.
Үндістанның жауапты басшылары мен ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Махараштра штатының Бхиванди қаласындағы бірнеше қабатты бір тұрғын үйдің қирап, құлауы салдарынан көп адам үйіндінің астында қалып, он адам қайтыс болды.
Жедел жәрдем күштері ғимараттан 31 адамды шығарып, құтқарғанымен, 20-25 адам қирандының астында қалып қоюы мүмкін деген болжам бар.
40 жыл бұрын салынған ғимарат бүгін дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:40-та құлады. Ол үйде 20 отбасы тұрған.
19/09 - 02:48 Title:
Түркияда ұшатын автомобиль алғаш рет әуеге көтерілді
Түркияда шығарылған Cezeri атты ұшатын автомобиль алғаш рет әуеге көтеріліп, сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Irinn.ir ақпарат торабы хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Түркияда жуырда ұшатын автомобильдің алғашқы үлгісінің таныстырылымы өтті.
Автомобиль Стамбұл қаласында сынақтан өтіп, он метр биіктікке дейін әуеге көтерілді.
Алайда, жетілдірілгеннен кейін автомобиль екі мың метрге дейін көтеріліп, сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдыққа жете алады. Бұдан бұрын да ұшатын автомобильдер Жапония мен Қытай және Америкада әуеге көтерілген болатын.
Мұндай көліктердің кейбіреуі такси ретінде жолаушылар тасымалы үшін қолданылады. Түрік өндірушісі ұшатын көліктер түрік аспанында ресми түрде қозғалысқа енуі үшін 15 жыл қажет дейді.
15/09 - 15:11 Title:
Бейрут базарындағы сауда ғимаратында өрт шықты
Ливан астанасындағы бірнеше өрттің жалғасында бірнеше сағат бұрын Бейрут базарындағы үлкен сауда ғимаратында тағы өрт шықты. Бұл туралы Irna news агенттігі Ливанның ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады. Осы мәліметке сәйкес, өрттің себебі әлі анықталмаған. Өрт сөндірушілер апатты ауыздықтауға күш салып жатыр. Олар көршілес ғимараттарға өрттің таралуының алдын алды.
11/09 - 13:18 Title:
Ауғанстанның бірінші вице-президентінің өміріне қастандық жасалды
Бүгін таңертең Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амролла Салехтің кортежіне бомба тасталып, шабуыл жасалды. Бұл туралы Pars Today агенттігі хабарлады. Ол өзі аман қалғанымен, осы оқиғада ондаған адам көз жұмып, жараланды.
02/09 - 02:04 Title:
Швециядағы мұздан салынған қонақ үй
Швецияда мұздан қонақ үй салынды. Бұл туралы YJC.ir агенттігі хабарлады. Швециядағы ең таңқаларлық қонақүйлердің бірі мұздан салынған. Бұл қонақүйге турист көп келеді.
28/08 - 02:26 Title:
Әзірбайжан Парсы шығанағына Ардабиль-Миане теміржолы арқылы жетеді
Әзірбайжан Ардабиль-Миане теміржолы арқылы Парсы шығанағы аймағына жетеді.
Бұл туралы Iran Press агенттігі хабарлады. Ардабиль-Миане теміржолын салу жұмыстары 2019 жылы басталды. Қазір оның 174 шақырымына рельс төселді. Жол құрылысының жұмыстары 12 бөлікте жылдамдықпен іске асырылып жатыр.
Иран президенті Хасан Руханидің бұйрығымен елдің Жол және қала құрылысы министрі Мохаммад Ислами Ардабильге барған жуырдағы сапарында Ардабиль-Миане темір жолы Хасан Рухани президенттігінің мерзімі аяқталғанша қолданысқа берілуі керек екенін баса айтты.
Әзірбайжан Ардабиль-Миане теміржолы арқылы Парсы шығанағы аймағына жетеді.
Бұл туралы Iran Press агенттігі хабарлады. Ардабиль-Миане теміржолын салу жұмыстары 2019 жылы басталды. Қазір оның 174 шақырымына рельс төселді. Жол құрылысының жұмыстары 12 бөлікте жылдамдықпен іске асырылып жатыр.
Иран президенті Хасан Руханидің бұйрығымен елдің Жол және қала құрылысы министрі Мохаммад Ислами Ардабильге барған жуырдағы сапарында Ардабиль-Миане темір жолы Хасан Рухани президенттігінің мерзімі аяқталғанша қолданысқа берілуі керек екенін баса айтты.
19/08 - 00:27 Title:
Тахте Джамшидтің жасырын қабаттарынан 13 қаңқа табылды
Иран археологтары Тахте Джамшидтің 6 метр тереңдігінен он бір адамның қаңқасы мен екі төбет иттің сүйегін тапты. Бұл туралы Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі хабарлады.
Тахте Джамшидтің жартылай жасырын бөліктері бар. Әлемдегі ең үлкен жартылай жасырын тас қаланы көру үшін тарихтың тереңдігіне үңіліп, шамамен 5-6 метрге төмен түсу керек. Иран археологтары Тахте Джамшид әлемдік кешені арналарының бетін аршу барысында 6 метр тереңдіктегі тарихтың жасырын қабаттарынан он бір адам мен екі төбет иттің қаңқасын тапты.
Зерттеушілердің бірі қаңқалардың Ахеменидтер дәуіріне тиесілігін, қаңқаларды зерттеу арқылы бұл адамдар өлтірілген болуы мүмкін деген нәтижеге жеткендерін айтты.
02/04 - 12:57 Title:
Қазақстандағы жасанды көлге әсем қызылқаздар келіп қонды
Қазақстанның Маңғыстау аймағындағы жасанды көлге әсем қызылқаздар келіп қонды. Бұл туралы Иранның Жас тілшілер клубы https://www.yjc.ir хабарлады. Осы мәліметке сәйкес жыл сайын Қазақстанның Маңғыстау облысындағы жасанды көлге шамамен 3000 қызылқаз ұшып келеді. Жабайы жануарлардың тіршілігіне қызығатын мамандар арнайы дүрбілерімен құстардың көлдегі сәтін түсіріп, назарларыңызға ұсынады.
11/02 - 16:46 Title:
Шуштардың су құрылғылары – ежелгі инженерияның жауһары
Шуштар қаласы Илам дәуірінде Чоғазамбил кесенесімен арадағы қысқа қашықтығына байланысты өте маңызды болды. Бұл тарихи қала Хузестан облысында орналасқан. Тарихи тұрғыдан Иранның маңызды қалаларының бірі саналады. Шуштар әртүрлі әдемі туристік тартымдылықтарға ие. Олардың әрқайсы өз түрі бойынша бірегей. Бүгін Шуштардың көруге тұрарлық су құрылғылары туралы сөз қозғаймыз.
Шуштар Ашканилер заманында Хузестанның жергілікті басшыларының астанасы болған. Сасани билігі кезінде Хузестанның маңызды орталықтарының бірі саналды. Шуштардың су құрылғылары Һақаманеши билігінен Сасани заманына дейін суды көбірек пайдалану мақсатында салынған диірмендер мен су құламаларынан, көпірлерден, тоғандар мен үлкен туннельдерден тұрады.
Аталмыш құрылғылар өнеркәсіп революциясынан бұрынғы ең үлкен өнеркәсіптік кешендер ретінде аталады.
Шуштар су құрылғылары Гаргар өзені жолында салынған. Гаргардың өзі бұрынғылардың техникалық-инженерлік саладағы жауһары саналады. Гаргар – қолмен қазылып салынған жасанды өзен. Оның салынған уақыты Сасани патшасы Ардашир Бабаканның заманына тиесілі.
07/01 - 11:41 Title:
Аспандық сардар
Ислам революциясының жетекшісі хиджра шамси күнтізбесі бойынша 1397 жылдың есфанд айының 19 күні сардар Ғасем Солейманиді «Зулфақар» жоғары белгісімен марапаттау рәсімінде: «Бұл кісі басын дұшпаның шабуылдарында басын қатерге сан рет тігіп, Құдай жолында, Құдай үшін күресті. Ұлы Құдай сауап жазып, рақымшылық жасап, өмірін бақытты, соңында шәһид болуды нәсіп етер», - деген болатын.
23/12 - 02:55 Title:
«Саһулан» Маһабад үңгірі – жерастындағы табиғаттың таңқаларлық көрінісі
Иранның сулы үлкен екінші үңгірі «Саһулан» батыс Әзірбайжан облысындағы Маһабад шаһристанында орналасқан.
«Саһулан» үңгірі күрд тілінде «аяз», «мұз» дегенді білдіреді. Үңгір осы аттас ауылдың маңында орналасқан.
Үңгірдің ішкі аумағы шамамен 600 шаршы метр. Іші әк тастардан тұрады. Төбесінің биіктігі су деңгейіне дейін 50 метр. Кейбір жерлеріндегі судың тереңдігі 32 метрге жетеді. Үңгірдің іші мен сыртындағы ауа температурасы 10-15 градус.
Геология тұрғысынан үңгірдің тарихы 70 миллион жылдан басталады. Үңгір құрғақ және су бөлігінен тұрады. Құрғақ бөлігі күрд тілінде «куне малан», яғни «үй, өмір сүретін жер» деген мағынаны білдіреді.
Оның сулы бөлігі күрд тілінде «куне кутар», яғни «кептердің ұясы» деп аталады. Аталу себебі үңгірдің негізгі тұрғындары әдемі кептерлердің ұя салуында.
«Саһулан» үңгірінің тастары әк пен шөгінділерден түзілген.
Тастардың ең әдемісі – үңгірдің көркемдігін арттырған қанділ тастар.
«Саһулан» үңгірі 1397 жылы ұлттық ескерткіш ретінде тіркелді.
07/12 - 12:21 Title:
Шираздың «Делгоша» бағында орналасқан Сағди кесенесі
Парсының ұлы ақыны Сағдидің кесенесі «Саадие» деп танымал. Сағди өмір сүріп, кейін жерленген мекен бүгінде Шираз қаласының туристік тартымды жерлердің біріне айналған.
Шейх Сағдидің кесенесі Шираз қаласының солтүстік-шығысындағы «Делгоша» бағының жаны мен Бустан көшесінің соңында орналасқан.
Қаз-қатар тізіліп, аспанмен таласқан шырша ағаштары мен осы аймақты жылдар бойы суарып келе жатқан Сағди қаннатының балықтар жүзіп жүрген хауызы кесененің кіреберісіне әдемі көрініс сыйлады.
Хижри жыл санағы бойынша жетінші ғасырда ходжа Шамс ад-Дин Мохаммад Сахеб Дивани Сағдидің мазарының үстіне бірінші рет кесене тұрғызды. Хижри қамари жыл санағы бойынша 1167 жылы Карим Хан Зендтің бұйрығымен бұрынғы құрылыстың орнын салтанатты ғимарат басты. Хижри қамари күнтізбесі бойынша 1329 жылы Али Асғар Хекматтың талпынысымен қазіргі кесене салынды.
26/11 - 13:29 Title:
«Чеһелсотун» ғимараты – Иран сәулет өнерінің жауһары
«Чеһелсотун» ғимараты – Исфаһан қаласының тарихи ғимараттарының ішіндегі ең әдемісі. Бұл ғимаратты көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген саяхатшы Иранға келеді.
Исфаһан қаласындағы «Чеһелсотун» тарихи ғимаратының алғашқы іргетасы Сафави әулетінің патшасы Аббас І заманында қаланған.
Сафави кезеңіндегі сәулет өнерінің жауһары саналатын «Чеһелсотун» ғимараты он сегіз ағаш бағанасы бар зал мен айна залдан, тас арыстандар мен алтынмен апталған және ирандық құнды сурет өнерімен әсемделген салондардан тұрады.
Исфаһан облысы тарихи-мәдени әртүрлі мекендеріне байланысты ирандық және шетелдік саяхатшыларды өзіне көп тартады.
Исфаһанның тарихи және мәдени ғимараттары – әлемдік даңққа ие ирандық асыл сәулет пен өнерінің нышаны.
23/11 - 14:49 Title:
Иран халқы бүлікшілерге қарсы көшеге шықты
Исламдық Иранның түкпір-түкпіріндегі қырағы халық бензин бағасының қымбаттауына байланысты елдегі тәртіпсіздіктер мен бейберекеттіктерден кейін көшелерге шығып, бүлікшілердің әрекеттерін айыптап: «Америкаға өлім!», «Бүлікшілерге өлім!» деген ұран айтты.