• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Иран археологтары Тахте Джамшидтің 6 метр тереңдігінен он бір адамның қаңқасы мен екі төбет иттің сүйегін тапты. Бұл туралы Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі хабарлады. Тахте Джамшидтің жартылай жасырын бөліктері бар. Әлемдегі ең үлкен жартылай жасырын тас қаланы көру үшін тарихтың тереңдігіне үңіліп, шамамен 5-6 метрге төмен түсу керек. Иран археологтары Тахте Джамшид әлемдік кешені арналарының бетін аршу барысында 6 метр тереңдіктегі тарихтың жасырын қабаттарынан он бір адам мен екі төбет иттің қаңқасын тапты. Зерттеушілердің бірі қаңқалардың Ахеменидтер дәуіріне тиесілігін, қаңқаларды зерттеу арқылы бұл адамдар өлтірілген болуы мүмкін деген нәтижеге жеткендерін айтты.