• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Қытайға коронавирустың шығу тегін анықтауға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары сапардың екінші күні Уханьдағы осы вирусқа алғаш шалдыққан науқастар жатқан ауруханаға барды. Бұл туралы YJC.IR ақпарат торабы хабарлады. Коронавирустың шығу тегі туралы зерттейтін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға сапарының екінші күні коронавирустың алғашқы жағдайлары расталған Ухань ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Қытай ақпарат пен тексеруге рұқсат беруден бас тартқандықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері кейінге шегерілген болатын. Сарапшылар тобы вирус жұқтырғандар алғаш рет сонда анықталды деген Қытайдың Хунань базарына да барады деп жоспарланған.