• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Сионистік режимнің әскерилері басып алынған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы бақылау бекеті жанында "алатікен" деген жабайы өсімдік жинап жүрген кезде сионистік қалашықтардың қоныстанушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған палестиналық бірнеше баланы бес сағат ұстады. Бұл туралы Fars News хабарлады. Кеше бейсенбі күні жарияланған видеодан Израиль сарбаздарының Хеврон тауының оңтүстігінде балаларды сүйреп апарып жатқанын көруге болады. Ақпарат дереккөздеріне сәйкес, Израиль әскерилері тұтқындаған баланың ең кішкентайының жасы сегізде, ең үлкені он үште. Бұл балалар 5 сағатқа қамауға алынды.