• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Кеше, 16 тамызда Кабул әуежайында апатты оқиға болды. Елден кеткісі келген мыңдаған ауғандық Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдың ұшу алаңына топ-топ болып жиналды. Алайда Ауғанстаннан Американы бетке алған ұшаққа мінетін адамдардың саны шектеулі болғанына қарамастан, 640 адамның енгені белгілі болды. Ұшаққа міне алмағандықтан, шассиге жабысқан адамдардың екеуі әуеге көтерілген кезде жерге құлап, мерт болды. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, Кабул әуежайындағы аласапыран мен бейберекеттікте 7 адам қаза тапқан. Бұл «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы Ауғанстанды басып алып, бақылауын қолына алғаннан кейінгі жағдай. Президент Ашраф Ғани елден қашып кетті.