• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі Тәжікстан Республикасы Үкіметінің резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне, сондай-ақ, осы оқиғалардың құрметті қонақтарының достық кешіне айналған бейресми банкет ұйымдастырғанын хабарлады. Хабарламада: «Көрмеге Тәжікстанның жаңа піскен жемістерінің ондаған түрі, әр түрлі қауын түрлері, дәмі мен сапасы бойынша бірегей жемістер, жүзім, дәнді жемістер, жоғары сапалы кептірілген жемістер, жаңғақтар мен бадам, мейіз, пісте мен цитрус қойылды. Жоғары мәртебелі қонақтар көрмеге қойылған өнімдер мен ұлттық тағамдардың әр түріне қызығушылық танытты, сонымен қатар олардың дәмін татып, сапасын жоғары бағалады», - деп айтылған. Қыркүйектің 16 күні Душанбеде жұмыс сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Лукашенко, Шавкат Мирзиёев, Никол Пашинян, Имран Хан, Садыр Жапаров және тағы басқа қонақтар Эмомали Рахмонмен бірге Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.