• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Түркияның Стамбұл қаласына барды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Стамбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Түркияның Стамбұл қаласында «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар және ақылды қалалар» ұранымен өткен Түркі кеңесі басшыларының VIII саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. 12 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің саммиті аясында Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.