• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Өзбекстан күні қарсаңында Дубайдағы ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінде өзбек аспаздары салмағы 1000 келі мерекелік палау әзірледі. 8 желтоқсанда БАӘ-нің Дубай қаласында Expo-2020 Бүкіләлемдік көрмесінде Өзбекстан күні кең көлемде аталып өтті. Палаудың хош иісі, кернейлер мен сырнайлардың үні Өзбекстан тарихы мен мәдениетіне арналған мерекелік шараға келушілерді қызықтырды. Аты аңызға айналған өзбек палауынан дәм тату үшін халықтың ұзын-сонар кезегі өзбек аспаздарының шеберлігі мен ұлттық тағамның даңқы үшін берілген ең жоғары баға болды. 8 желтоқсан — Өзбекстанда Конституция күні.