• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Видео

Embed
Парсының ұлы ақыны Сағдидің кесенесі «Саадие» деп танымал. Сағди өмір сүріп, кейін жерленген мекен бүгінде Шираз қаласының туристік тартымды жерлердің біріне айналған. Шейх Сағдидің кесенесі Шираз қаласының солтүстік-шығысындағы «Делгоша» бағының жаны мен Бустан көшесінің соңында орналасқан. Қаз-қатар тізіліп, аспанмен таласқан шырша ағаштары мен осы аймақты жылдар бойы суарып келе жатқан Сағди қаннатының балықтар жүзіп жүрген хауызы кесененің кіреберісіне әдемі көрініс сыйлады. Хижри жыл санағы бойынша жетінші ғасырда ходжа Шамс ад-Дин Мохаммад Сахеб Дивани Сағдидің мазарының үстіне бірінші рет кесене тұрғызды. Хижри қамари жыл санағы бойынша 1167 жылы Карим Хан Зендтің бұйрығымен бұрынғы құрылыстың орнын салтанатты ғимарат басты. Хижри қамари күнтізбесі бойынша 1329 жылы Али Асғар Хекматтың талпынысымен қазіргі кесене салынды.