Иран СІМ баспасөз хатшысы Насер Канани БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газада атысты тоқтатуға қатысты бекіткен қарарын оң, бірақ жеткіліксіз қадам деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Канани Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарының алты ай бойғы сәтсіздігі мен сионистік режимнің Палестина азаматтарына қарсы соғыс қылмыстары мен геноцидіне қарсы тосқауыл қоятын шешім қабылдауға қабілетсіздігінен кейін мақұлдануын оң, бірақ жеткіліксіз қадам деп бағалады.
Канани былай деді: «Бұл қарарды бекітуден маңыздырақ қадам оның орындалуы үшін тиімді әрекет жасап, басқыншы сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарсы шабуылдарын және біржолата тоқтату, әділетсіз блокаданы толығымен алып тастау болып табылады.
Газа секторындағы қираған ғимараттарды, соның ішінде үйлерді, маңызды инфрақұрылымды, әсіресе ауруханалар мен қызмет көрсететін мекемелерді қалпына келтіруді дереу бастау үшін Газаға халықаралық гуманитарлық көмек кең көлемде және кемсітусіз жету үшін және осы аймақты халықаралық қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету үшін өткелдерді қайта ашу керек».
Иранның дипломатиялық аппаратының баспасөз хатшысы сионистік режимнің бұл қарарға реакциясын режимнің соғыстағы, саяси және халықаралық аренадағы орны толмас сәтсіздікке ұшырағанына ашық ашу білдіруінің белгісі деп атап: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі бұл режимді алты ай бойы қорғансыз халыққа қарсы жасаған қылмыстары және Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен қарарға қарсы оның жалғасуы мүмкін екендігіне байланысты жауапқа тартады деп күтіміз» деді.















