Сауд Арабиясының барлық порты Йеменнің заңды нысанасына айналады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Йемен Үкіметінің өкілі Әл-Бухайти: «Сауд дұшпанының Ходейда портына соққы жасауы Жидда порты мен Қызыл теңіздегі барлық Сауд порттарын Йемен қарулы күштері үшін заңды әрі негізді нысанаға айналдырады», – деді.
Йемен Үкіметінің өкілі Қызыл теңіздегі Сауд Арабиясы порттарының барлық қызметкерлері мен кеме қатынасы компанияларын Йемен қарулы күштерінің ескертулеріне байыппен қарап, бұл порттардан дереу кетуге шақырды.
Әл-Бухайти әуе компанияларына да ескерту жасап, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларынан басқа Сауд Арабиясының әуе кеңістігі әлі де қауіпті екенін және Йемен қарулы күштерінің әскери операциялар алаңы болып қала беретінін мәлімдеді.
















