Иран Ормұз бұғазын бұғаттау арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспаққа алуды жалғастыруда.
Еуропадағы көлемі жағынан екінші ірі бюджеттік әуе компаниясы саналатын британиялық EasyJet жанармай бағасының өсуіне байланысты табысы 96%-ға құлдыраған соң, америкалық Apollo қорына сатылатын болды. EasyJet-тің табысы бір жыл бұрынғы 494 миллион фунт стерлингпен салыстырғанда 20 миллион фунтқа дейін төмендеді.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлыбританияда халыққа арналған энергия бағасы әдеттегі үй шаруашылығы үшін 26%-ға өсіп, 2166 фунт стерлингке ($2833) жетеді. Бұл — 2022 жылдың қазан айынан бергі ең күрт өсім.
Халыққа арналған газ тарифі 38%-ға қымбаттап, тарихи шекке жетеді. Ормұз бұғазы бұғатталған сәттен бастап Ұлыбританиядағы газ бен электр энергиясының көтерме бағасы екі еседен астам өсті.
Ұлыбританияның мемлекеттік қарызы шамамен 3 триллион фунт стерлингті құрайды, ал Иранмен соғыс басталғаннан бері қарыз алу қымбаттай түсті. 30 жылдық мемлекеттік облигациялардың табысы 1998 жылдан бері алғаш рет 6%-дан асты.
18-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық шамамен 13%-ды құрайды. Шамамен 690 мың бос жұмыс орны ашық тұр, Британия сауда палатасы мұны 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш деп атады. Үшінші тоқсанда рекордтық 738 144 компания ауыр қаржылық қиындықтарға тап болды.
Англосаксондар ғасырлар бойы өз аралында отырып алып кесапат жасауға, миллиондаған адамды аштықпен қыруға, алауыздық пен соғыстар ұйымдастыруға дағдыланған. Енді олардың да басы тасқа тиді.
Осы уақытта Ормұз бұғазында танкерлер өртеніп жатыр. Ол тек Альцгеймерге шалдыққан «бітімгер» Трамптың қиялында ғана ашық.
















