Йеменнің Әл-Ходейда әуежайы мен порты Сауд режимінің басқыншылық шабуылдарына ұшырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, «Әл-Ходейда порты Саудияның басқыншы коалициясының басқыншылық шабуылдарына ұшырағанын «Әл-Масира» телеарнасы мәлімдеді.
Йемендік дереккөздерә Саудия армиясының әуе шабуылынан кейін Әл-Ходейда портында бірнеше жарылыстың дауысы естілгенін хабарлады.
Осы ретте Йемен қарулы күштерінің ресми өкілі бригада генералы Яхия Сари Саудия армиясына егер Әл-Ходейда порты бомбаланса, Қызыл теңіздегі Жидда порты мен Сауд Арабиясының басқа да порттарына шабуыл жасайтынын ескерткен болатын.
Ол осы порттардың қызметкерлері мен олардың маңында жүрген барлық адамдарды дереу эвакуациялануға, сондай-ақ кеме қатынасы компанияларын өз кемелерін Саудия порттарынан шұғыл түрде шығаруға шақырды.
Сондай-ақ, араб дереккөздері Йемен қарулы күштерінің Сауд Арабиясының Әш-Шарқия аймағына жасаған шабуылдар мен Даммам қаласындағы Фахд халықаралық әуежайында рейстердің тоқтатылғанын хабарлады.














