Катар Сыртқы істер министрлігі аймақтағы ахуал мен шиеленісті бәсеңдету жолдары бойынша америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді.
Қатар Сыртқы істер министрлігі бүгін, сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, осы ел мен АҚШ-тың ресми өкілдері бірлескен кездесуде аймақтағы соңғы оқиғалар мен шиеленісті азайтуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған дипломатиялық күш-жігерді талқылағанын мәлімдеді.
Қатар СІМ мәлімдемесіне сәйкес, Ғаза, Сирия, Ливан, Иран және Ауғанстандағы жағдай осы келіссөздердің негізгі тақырыптарының қатарында болды.
Кездесуде арағайындық пен дауларды бейбіт жолмен реттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесі де қаралып, тараптар дағдарыстардың ушығуына жол бермеу үшін дипломатиялық әрекеттерді жалғастырудың маңыздылығын атап айтты.
Қатар үкіметі бұл мәлімдемеде аймақта жан-жақты келісімге қол жеткізуге және тұрақты бейбітшілік орнатуға негіз болатын саяси шешім табуды қолдайтынын тағы растады.
Соңғы жылдары Катар аймақтық дағдарыстардағы қақтығысушы тараптар арасында арағайындық жасауда белсенді рөл атқарып келеді. Атап айтқанда, бұл ел Ғаза мәселесінде, сондай-ақ Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерде түрлі тараппен байланыс орнату және халықаралық делдалдармен ынтымақтасу арқылы саяси уағдаластықтарға қол жеткізуге және шиеленісті бәсеңдетуге жағдай жасауға күш салуда.













