Иран Барлау министрлігі Батыс Әзербайжан останында лаңкестік-сепаратистік топтардың 4 жедел ұяшығы жойылып, 27 лаңкес тұтқындалғанын хабарлады.
Иранның Барлау министрлігінің күштері сионистік және америкалық жоспар аясында ел ішінде лаңкестік әрекеттер мен тұрақсыздық ұйымдастыруға дайындалып жатқан сепаратистік топтың төрт қарулы ұяшығының мүшелерін, жалпы саны 27 лаңкесті анықтап, қолға түсірді.
Бұл лаңкестік ұяшықтардан 52 дана Калашников автоматы, 94 оқжатар және бір Starlink құрылғысы табылып, тәркіленді.
Жойылған ұяшықтар барлау, жедел әрекет ету, үгіт-насихат, қамтамасыз ету және қаржылық деп аталатын бес бөлімнен тұрған. Олар шекара маңындағы аймақтардан қару-жарақ тасымалдаумен қатар, америкалық-сионистік басқыншы жауға көмектесу мақсатында елдің ішкі қалаларына Starlink құрылғыларын жеткізуге де қатысқан.
Сонымен қатар, лаңкестік операциялар мен қалалық ұрыстар жүргізу үшін көршілес елдерден қару-жарақ пен оқ-дәрі контрабандасымен айналысқан үш топтың 6 мүшесі ел аумағына кіру кезінде анықталып, ұсталды. Олардың бірі — шетел азаматы. Бұл қару-жарақ контрабандасы топтарынан 201 дана тапанша мен бүлікшілер қаруы және тапаншаларға арналған 100 қосымша оқжатар тәркіленді.













