Америкалықтар Иранмен соғыстың қандай бағамен болса да шұғыл тоқтатылуын қалайды.
Жаңа сауалнама нәтижелері америкалық сайлаушылардың 55 пайызы АҚШ-тың Иранға қарсы соғысының, тіпті ирандықтарға жеңілдіктер беру арқыылы болса да, дереу тоқтатылуын қалайтынын көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Мэриленд университеті мен Ipsos институтының сауалнамасына сәйкес, америкалық сайлаушылардың басым көпшілігі, соның ішінде демократтардың 80 пайызы «соғыс ешбір шартсыз дәл қазір аяқталуы тиіс» деп мәлімдеген.
Демократиялық партия сайлаушыларының көпшілігі сондай-ақ қақтығысты тоқтату мақсатында Дональд Трамп әкімшілігіне қысым көрсету шараларын қолдаған.
Осы сауалнамаларға сәйкес, АҚШ халқы өз үкіметінен тіпті Иранға белгілі бір жеңілдіктер жасалған жағдайда да, Батыс Азиядағы соғысты аяқтауды талап еткен.
Сауалнама нәтижелері тіпті оны ұйымдастырушылардың өздерін де таңғалдырған. Сауалнаманың бас зерттеушісі Шибли Телхами «Әл-Жазира» арнасына берген сұхбатында қоғамдық пікірдің соғысты шарттарына қарамастан тоқтатуды осыншалықты қолдауына таңғалғанын айтты.
Ол былай деп баса айтты: «Біз халықтың бұл соғысқа үзілді-кесілді қарсы екенін және оның тоқтатылуын қалайтынын білдік. Алайда, біз адамдардың осы мақсатқа жету үшін қандай шарттарды қабылдауға дайын екендігіне толық сенімді емеспіз».
Осылайша, АҚШ халқы сайлау жәшіктерінде ғана емес, қоғамдық сауалнамаларда да Иранға қарсы соғысқа қарсылығын бірнеше рет білдірді. Бұл азаматтардың басым бөлігі соғысты аяқтау жөніндегі АҚШ-тың барлық талабы орындалмаса да, оның тезірек тоқтатылуын қалайтынын тағы қуаттады.












