Американың байырғы екі тұрғыны “Алғыс айту” күнін осы құрлықтың байырғы халқына жасалған геноцидті тойлайтын күн деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарллауы бойынша көп қаралым жинаған бір видеода Американың екі байырғы тұрғыны “Алғыс айту” күнін осы құрлықтың байырғы халқына жасалған геноцидті тойлайтын күн деп атады.
Олар: «Алғыс айту күні (Thanksgiving) осы құрлықтың жүздеген байырғы тұрғыны — әйелдер, ерлер мен балалар тірідей өртелген Пекот қырғынының үстіне құрылғанын ұмытпайық», — деді.
Еске салайық, 1637 жылы ағылшын отарлаушы күштері Пекот тайпасының ауылына шабуыл жасап, ауылдың қоршауын өртеп, жалыннан қашып шыққандардың барлығын өлтірді. Соның салдарынан 400-ден астам байырғы тұрғын, негізінен әйелдер мен балалар қаза тапты. Сол қырғынның ертеңінде Массачусетс губернаторы шабуылдағы «жеңістің» құрметіне “Алғыс айту” күнін жариялады.
Бүгінде Америкада миллиондаған адам “Алғыс айту” күнін тойлайды, алайда байырғы тайпалар үшін бұл күн ғасырларға созылған зорлық-зомбылық пен өз жерлерінен, мәдениетінен және үйлерінен айырылудың бастауын еске салады.
















