Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя сәрсенбі күні Қауіпсіздік кеңесін Израильге қарсы санкцияларды қарастыруға шақырды.
Еуразия Тудейдің БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Василий Небензя Израильдің мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Газа секторында атысты тоқтатуды талап еткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2728 қарарын орындамауына байланысты шара қабылдау қажеттігін атап, сионистік режимге қарсы санкциялар мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек екенін айтты.
Василий Небензя Қауіпсіздік кеңесінде Газа секторында бұрын-соңды болмаған апаттың орын алғанына тоқталып, палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыспен қамту халықаралық агенттігінің (UNRWA) жұмысын жандандыру қажеттігін қуаттады.
Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі сөзінде UNRWA агенттігі жұмысының әлсіреуінің салдары бүкіл аймаққа әсер ететінін атап өтті.
Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 25 наурызда Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдап, Израильді Мысыр арқылы халықаралық гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуді міндеттеді.



















