Тәжікстан мен Түркия 2018 жылы енгізілген визасыз режимнің күшін жойды.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Душанбе Түркия азаматтары үшін виза режимін енгізді.
Ведомство мәліметінше, виза режимі 20 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл ретте Түркия азаматтары Тәжікстан визасын осы елдің шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарынан ала алады.
Осы айдың басында Түркия билігі Тәжікстан азаматтары үшін виза режимін енгізген кезде Душанбе де Түркия азаматтары үшін виза енгізетінін ескерткен болатын. Душанбенің бұл шешімі Түркия билігінің Тәжікстан азаматтарына қатысты виза режимін енгізу шешіміне берілген тікелей жауабы болып табылады.
Түркия азаматтары 2021 жылдан бері Тәжікстанда 30 күнге дейін визасыз жүре алатын.
Еске сала кетейік, 5 сәуір күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Тәжікстан азаматтары үшін визасыз режимді жоятын жарлыққа қол қойды. Түркияның Тәжікстанмен визасыз режимді жою себебі ресми түрде айтылмағанымен Ресейдің кейбір БАҚ бұл шешімді Мәскеу түбіндегі лаңкестік әрекетпен байланыстырады.



















