Бүгін Мысыр Газаның сыртқы әлеммен байланыстыратын жалғыз өткел — Рафах өткелін бетон қабырғамен жауып тастады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мысыр Ішкі істер министрлігі бүгін, қазанның 14 күні Рафах өткелін бетон қабырғалармен жауып тастағанын хабарлады.
Рафах өткелі — палестиналықтар әлеммен байланыс жасай алатын Мысыр мен Газа арасындағы жалғыз шекара өткелі. Бұл өткел жабық болса, палестиналық науқастар әлемнің ешбір жеріне бара алмайды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль және ХАМАС арасындағы қақтығыстың сегізінші күні осы уақытқа дейін Газа секторындағы палестиналық шәһидтердің саны 1900-ге, ал Батыс жағалауда 49-ға жеткені туралы хабарлады.














