Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, тамыздың 7-8 күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің мәліметіне сәйкес, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында бизнес-форум ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.
Еске салайық, Шавкат Мирзиёев мұның алдында Қазақстанның елордасы Астанаға шілде айының 3-4 күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен «ШОС плюс» кездесуіне қатысу үшін келген болатын.














