Ливанның Хезболла қозғалысы мәлімдемесінде осы ұйымның Бас хатшысы Хасан Насралланың өлімін растады.
Палестина Исламдық қарсыласу тобының (ХАМАС) әскери қанаты Кассам батальондарының баспасөз хатшысы Әбу Убайда мәлімдеме жасап, Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насралланың шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
«Садр» қозғалысының жетекшісі Моқтада Садр да мәлімдеме жасап, Ливандағы Хезболла ұйымының бас хатшысы Сейед Хасан Насралланың шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
Иран вице-президенті Джавад Зарифтің Сейед Хасан Насралланың шәһид болуына байланысты көңіл айтқан хабарламасында: «Нетаньяхудың бейберекет жоспары аймақ пен әлем үшін сәтсіздікке ұшырайды», — деп жазылған.
Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Сейед Хасан Насралла мен оның серіктерінің шәһид болғанына байланысты Иракта үш күнді қаралы күндер деп жариялады.
Айта кетейік, Израиль әкері 27 қыркүйекте Бейрутке шабуыл жасап, тұрғын үйдің астында орналасқан Хезболла қозғалысының орталық әскери штабына соққы бергенін хабарлады.
Израиль әскері бүгін, 28 қыркүйек, сенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде Хезболла ұйымының жетекшісі және оның негізін қалаушылардың бірі Хасан Насралланы осы ұйымның оңтүстік майданының қолбасшысы Али Карки және тағы басқа қолбасшыларымен бірге өлтіргенін хабарлады.
Хасан Насралла Хезболланы отыз жылдан астам уақыт басқарды.














