Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху резиденциясынан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Беньямин Нетаньяху Йоав Галантты Израильдің Қорғаныс министрі қызметінен босатқаннан кейін он мыңдаған израильдік басып алынған аумақтардың көшелеріне шығып, наразылық шерулерін ұйымдастырды.
Басып алынған Құдста (Иерусалим) шерушілер Нетаньяхудың Кесариядағы резиденциясында орнатылған баррикадаларды бұзып, полициямен қақтығысты.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, израильдіктердің жаппай наразылықтары кезінде Нетаньяху резиденциясынан шұғыл шығып кеткен.














