Америка Президенті Дональд Трамп палестиналықтарды Газадан көшіруді мақсат ететінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл ұсынысты ол тілшілерге президенттік Air Force One ұшағының бортында айтты.
АҚШ Президенті Дональд Трамп жанжалды мәлімдемесінде палестиналықтарды Газадан көшіргісі келетінін, сол себепті көршілес араб елдері осы сектордан көбірек босқын қабылдауы керек деп қуаттады.
Трамп Газа тұрғындарын көшіру деген ұсынысты соғыстан зардап шеккен осы аймақтың қиындығын азайту үшін деген сылтаумен “Газадан тиімді эвакуациялау” деп атады.
АҚШ президенті бұл туралы Иордания королі Абдалла II-мен сөйлескенін және бұл мәселені Мысыр президенті Абдел Фаттах әл-Сисимен де ортаға салуды жоспарлап отырғанын айтты.
Ол былай деді: “Газа дәл қазір іс жүзінде қирандыға айналған. Ол жерде бәрі қираған. Адамдар қырылып жатыр. Сол себепті кейбір араб елдерімен ынтымақтастық жасағым келеді. Бейбітшілікте өмір сүруі үшін оларды әртүрлі жерлерге қоынстандырамыз”.
Трамптың айтуынша, қоныс аудару уақытша немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін.















