Палестина автономиялық ұйымының басшысы Махмуд Аббас Газаны Палестина жерінің негізгі бөлігі деп атады.
Палестина автономиялық ұйымының басшысы Махмуд Аббас Америка Президенті Дональд Трамптың Газа секторының халқын көшіру туралы сөздерін айыптап, Газаны Палестина жерінің негізгі бөлігі деп атады.
Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Трамптың Газа секторы туралы сөздеріне сілтеме жасап: “Газа секторын басып алу және Палестина халқын өз жерлерінен шығару науқанын қатаң айыптаймыз.
Өз халқымыздың құқығына соққы жасалуды қабылдамаймыз. Мұндай үндеулер мен науқандар халықаралық заңдарды қауіпті түрде бұзу саналады. Палестинаның заңды құқығы келіссөздерге жатпайды. Газа секторы — Палестина жерінің негізгі бөлігі.
Астанасы Құдс болатын Палестина Үкіметін құрусыз және “екі үкімет” деп аталатын шешім жолы негізінде аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнамайды”, — деді.
Еске салайық, Трамп Газа секторын толығымен босату және сол жердің тұрғындарын көршілес араб елдері мен аймақтың басқа мемлекеттеріне көшіруді сұрады.
.














