ШЫҰ-ның басшылар деңгейіндегі саммиті 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қытай Сыртқы істер министрінің айтуынша, 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне 20-дан астам елдің басшылары мен 10 халықаралық ұйымның басшылары қатысады.
Саммитте халықаралық терроризмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы күресті жетілдіру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті – 25-ші рет өтетін ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жыл сайынғы отырысы. ШЫҰ саммиті Қытайда осымен бесінші рет, атап айтқанда Шанхайда екі рет, Бейжің мен Циндаода бір реттен өтті.
Еске салайық, ШЫҰ-ның алдыңғы саммиті 2024 жылы шілде айында Қазақстанның Елордасы Астанада өткен болатын.














