АҚХА Бас директорының орынбасары Массимо Апаро Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөз жүргізгеннен кейін Тегераннан қайтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеранға ресми сапармен келген АҚХА Бас директорының орынбасары және кепілдіктер департаментінің директоры Массимо Апаро Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен Агенттікпен ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізгеннен кейін бірден қайтты.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади Тегеранның “Iran” басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ғарибабади АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси орынбасарының Тегеранға сапары туралы: “Массимо Апаро Иран Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің Бас директоры және Атом энергиясы ұйымының кеңесшісі қатысқан делегациямен келіссөз жүргізгеннен кейін Тегераннан кетті. Келіссөз барысында Агенттік пен Иран арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды”, -деді.
Ғарибабадидің айтуынша, келіссөз барысында кеңесулерді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: “Иран делегациясы келіссөзде Агенттіктің сионистік режим мен Америка Құрама Штаттарының басқыншылығы кезінде өз міндеттемелерін орындамағанына наразылық білдіріп, Агенттік делегациясын Иранның ядролық мәселесіне қатысты қателіктерді түзету туралы талаптарын мәлімдеді”,- деді.














