Иран мен Ауғанстан экономика саласындағы ынтымақтастықты арттырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Кабулдағы Иран Елшісі міндетін атқарушы Әли Реза Бикдели Талибан үкіметінің экономика саласындағы лауазымды тұлғаларымен кездесуде екі ел арасындағы сауда, энергетика, транзит салаларында ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады.
Әли Реза Бикдели Талибан Үкіметі Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі департаментінің экономикалық мәселелер бойынша басшысы Мохаммад Ибраһим Хикмат және Сыртқы істер министрлігінің экономикалық ынтымақтастық бөлімінің Бас директоры Шафи Азаммен кездесіп, сұхбаттасты.
Тараптар кездесуде сауда байланысын нығайту, экономика саласындағы белсенділердің екі ел арасында қатынауын жеңілдету, энергетика, транзит және бірлескен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Бикдели Тегеранның Ауғанстандағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеп, техникалық және кедендік кедергілерді жоюдың ортақ механизмін құруды ұсынды.
Ауғанстанның жауапты тұлғалары да ұсыныстарды құптап, Иранмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді осы елде тұрақтылықты нығайту және ауған халқының тұрмысын жақсарту үшін маңызды деп бағалады.















