Әзірбайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің саммиты өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің сыртқы істер министрлері Габалада жиналды.
Кездесу тақырыбы «Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік» деп аталатын 12-ші саммитке дайындық аясында өтуде.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері энергетикалық қауіпсіздік, экономика және цифрлық дағдылар саласындағы ынтымақтастық тақырыптарын талқылайды.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовтың айтуынша Габала декларациясы мен саммит қорытындысы бойынша қол қою жоспарланған басқа да құжаттардың маңыздылығын баса айтты. Байрамовтың айтуынша, ол ұйымның дамуына оң әсер етеді.
Айта кетейік, ТМҰ құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдердің қатарында Венгрия, Түркіменстан және мойындалмаған Солтүстік Кипр Республикасы бар.















