АҚШ-мен одақтас мемлекеттер арасында ХАМАС-ты қарусыздандыруға қатысты үмітсіздік артты.
Батыс елдері бірінің жоғары лауазымды тұлғасы Израильдің І24 арнасына берген сұхбатта Дональд Трамптың бейбітшілік жобасының бөлігі ретіндегі ХАМАС-ты қарусыздандыру жобасының жүзеге асатыны беймәлім екенін айтты.
Сионистік режимнің І24 ақпарат құралы АҚШ-мен одақтас мемлекеттер арасында ХАМАС-ты қарусыздандыруға қатысты үмітсіздіктің артқанын хабарлады.
І24 интернет сайты АҚШ Газа секторындағы атысты тоқтату келісімін екінші кезеңге жеткізуге талпыныс жасап жатқан кезде осы жобаға қатысты елдер келесі кезеңдерін жүзеге асырудан күдерлерін үзгенін хабарлады. Ең маңызды алаңдаушылық әсіресе Израиль үшін ХАМАС тобын толық қарусыздандыру мүмкіндігінде.
Осы жоспарды жүзеге асыруға қатысатын батыс мемлекеттірінің бір жауапты адамы І24 ақпарат құралына былай деді: «ХАМАС-ты қарусыздандыру жүзеге асады ма? Егер болса, қашан екенін білмеймін. Мұның іс жүзінде қалай болатынын көру өте қиын» деді.
Ол Шри-Ланка, Балқан және Солтүстік Ирландия сияқты сияқты әртүрлі аймақтың қарусыздандыру бойынша тәжірибелі халықаралық командаларының өз тәжірибелерімен бөлісу үшін азаматтық- әскери үйлестіру орталығы CMCC-ке аттанғанын, алайда осы істі жүзеге асырудың тұжырымдамасы үшін айқын түсініктің бар екенін ойламайтынын айтты.
Азаматтық-әскери үйлестіру орталығы CMCC — 2025 жылы қазан айында АҚШ армиясының орталық қолбасшылығы (CENTCOM) басып алынған Палестинада құрған операция орталығы.
Орталық мақсаттарының бірі — АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарының келесі қадамдарын, мысалы, ХАМАС-ты қарусыздандыру, көпұлтты тұрақтандыру күштерін орналастыру және Газада жаңа азаматтық әкімшілік құруды жоспарлау.
Бұл орталық — Американың арағайындығымен Израиль мен ХАМАС арасында Газада атысты тоқтату келісімін жүзеге асыру жоспарының бір бөлігі. Оның негізгі мақсаты — ұзаққа созылған соғыстан кейін Газа секторында тұрақтылық орнату, секторды қайта құру және жәрдем жеткізу бойынша талпыныстарды үйлестіру. Орталықтың мақсаттарының бірі Америка Президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жобасының келесі кезеңдерін, соның ішінде ХАМАС-ты қарусыздандыру, Газада тұрақтандыратын көпұлтты күштер орналастыру және азаматтық жаңа кеңсе құру үшін жоспарлауды жүзеге асыру,
I24 веб сайты Президент Трамп жоспардың ілгерілеуіне қатысты толығымен оптимистік пікірде дегенімен, жер бетіндегі шындық шиеленісті.
Хабардар дереккөздері осы БАҚ-на жоспардың барлық компоненті, соның ішінде бейбітшілік миссиясы, тұрақтандырушы көпұлтты күштер мен технократиылық үкіметтің тоқтап қалғанын айтты. Келіссөздерге қатысушы басшылардың бірі бұл жоспардың жүзеге асуын көру қиын екенін де мәлімдеді.
Бұл жоспар осыншама қиындыққа қарамастан неліктен тоқтатылмайды деген сауалға Батыстың лауазымды тұлғасы көптеген елдің бұл жобаны қолдаудағы позициясын басқа бір балама нұсқа болмағандықтан деп атады.
Газада атысты тоқтату бітімі Америка, Катар, Мысыр және Түркияның арағайындығымен орнатылды. Бірінші кезең палестиналық тұтқындардың орнына израильдік кепілге алынғандарды бостандыққа шығаруды, гуманитарлық көмек енгізу мен израильдік күштердің ішінара шегінуін қамтыды.
Шиеленісті саналатын екінші кезеңде израильдік күштердің көбірек шегінуі, халықаралық тұрақтандырушы күштердің орналасуы, Газаны қалпына келтіру, Трамптың басшылығымен бейбітшілік миссиясының бақылауымен палестиналық технократиялық үкімет құруды құрады. Соған қарамастан ХАМАС қарусыздандыруға қатысты кез келген талпынысты қабылдамады.














