Тәжікстан шекарасын нығайту үшін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт туралы ұйымынан әскери құрал-жабдық сұрады.
Тәжікстан Ауғанстан тарапынан туындайтын қауіп-қатердің артуына байланысты Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт ұйымындағы одақтастарынан шекараларының қауіпсіздігін нығайту үшін әскери құрал-жабдық және техникамен қамтамасыз етуді сұрады.
Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы хатшылығының кеңесшісі Павел Саркисян Тәжікстан шекараларын күшейту бағдарламасы аясында серіктес елдерден әскери құрал-жабдық сұрағанын хабарлады. Ол Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет қару-жарақ пен техника тізімінің жасалғанын айтты.
Саркисян Душанбеде өткен отырыс барысында Ауғанстан бұрынғысынша аймақтағы қауіп-қатердің негізгі көзі саналатынын қуаттап, осы қатерге қарсу тұруда Тәжікстанның оңтүстік шекараларының қорғаныс әлеуетін күшейтуді қажеттілік деп атады.
Мұның алдында Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков та Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын нығайту үшін қажет әскери техника көлемі осы ұйым бағдарламалары аясында анықталғанын айтқан болатын.
Еске салайық,сСоңғы апталарда Ауғанстан мен Тәжікстанның ортақ шекараларында екі шабуыл орын алғаны хабарланды. Соның салдарынан қытайлық бес жұмысшы қайтыс болып, бес адам жарақат алды.
Бұл оқиғалар Орталық Азия мен Ресейдің жауапты тұлғалары Ауғанстаннан төнетін қауіп-қатер туралы қайта-қайта жасаған ескертулерінен кейін орын алып тұр.
Рейтерс агенттігі де Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында Ресей әскери күштерін орналастыруды сұрағанын хабарлады. Бірақ Душанбе басшылары бұл мәліметті теріске шығарды.
Жуырдағы шабуылдардан кейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жанама түрде оқиғаға кінәлілер ретінде Ауғанстан азаматтарын атап, сондай шабуылдардың қайталануының алдын алу үшін елінің қауіпсіздік орғандарының басшыларынан байыпты шара қабылдауды талап етті.














