Армия Бас қолбасшысының бұйрығымен бүгін Армияның төрт құрамдас күштерінің жауынгерлік құрылымына мың дана стратегиялық ұшқышсыз ұшу аппараты қосылды.
Иран Ислам Республикасы Армиясының Бас қолбасшысы, генерал-майор Әмір Хатамидің бұйрығымен армияның төрт құрамдас күштерінің жауынгерлік құрылымына мың дана стратегиялық ұшқышсыз ұшу аппараты берілді.
Бұл дрондар жаңа заманғы қатерлер мен 12 күндік соғыс тәжірибесіне сәйкес, Армия мамандары мен Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жасалған. Жою, шабуылдау, барлау және электронды соғыс (РЭБ) кластарына жататын дрондар теңіздегі, әуедегі және жердегі нақты бекітілген немесе қозғалмалы нысандарды жоюға арналған.














