Иран Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Тегеранның америкалықтарға хат жібермегенін баса айтты.
Лариджани: “Біз америкалықтарға хат берген жоқпыз, бірақ омандық достарымыз америкалықтардан кейбір пікірлерін жазып, оларды бізге Тегеранда қарау үшін берді”, — деді.
Келіссөздердің келесі кезеңі өтетін уақыт анықталды ма деген сұраққа Әли Лариджани: “Жоқ әлі, бірақ екі тарап та келіссөздерді жалғастыруды қалайды. Астаналарында кеңесулер өткізіп, келіссөздердің нәтижелі болуына мүдделік танытуда”, — деді.














